Шығыс Қазақстан облысы аумағының 65%-інде әлі де қар жатыр. ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде су тасқыны жағдайы бақылауға алынған.
Қар ерісе су деңгейі көтерілуі мүмкін. Су айдындарында тәулік бойы мониториң жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар үйлерді аралап, су тасқыны туындаған жағдайда орындалуы қажет ережелер мен нұсқауларды халыққа түсіндіріп жатыр, — делінген ақпаратта.
Алтай ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға Семей қаласынан келген №68303 әскери бөлімінің қызметшілері көмек беріп жатыр. Жағдай күрделене түссе жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құрылымдарынан 2 270 адам, 732 техника, 61 жүзу құралы мен 234 мотопомпа сақадай сай тұр.
Жергілікті атқарушы органдар жалпы сыйымдылығы 17 мың адамнан асатын 153 эвакуациялық пунктіні әзірледі.