Елімізде 4-6 сәуір күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктер Қазақстанда 4, 5 және 6 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, сонымен қатар күндіз ауа температурасының біртіндеп 15-20 градус Цельсийге дейін көтеріледі деп күтіледі.

Қазақстанның қалған бөлігінде фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) күтіледі. Қазақстанда 6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, түнде және таңертең Қазақстан бойынша тұман күтіледі, — делінген хабарламада.