Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысында...

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 8 адам қаза болды

Самара — Шымкент автожолында Volvo жүк көлігі мен Toyota-Аlhpard минивені соқтығысып, сегіз адам қаза болды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Трагедия 3 сәуірде Маржанбұлақ ауылының маңында болды.

Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Барлығы Өзбекстан азаматы, — деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен.