4 сәуірде Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара автокөлік жүргізушілері үшін жабық болады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
2024 жылғы 4 сәуірде ҚХР-да» Цинмин» мерекесіне байланысты Қазақстан — Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адам, көлік құралы мен жүк өткізілмейді, — делінген хабарламада.
Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері тасымалдаушыларды және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығын енгізілген шектеулерді ескере отырып, жол сапарын алдын ала жоспарлауды ескертті.