Су тасқыны: әуе күштерінің көмегімен 1 660 адам эвакуацияланды

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ және ІІМ ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Бұл туралы «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқару жұмыстары Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Абай облыстарында белсенді жүргізіліп жатыр.

Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта 1 660 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды. 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.