Ақтөбе облысында бөгет жарылды

Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
29 наурызда Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Щербаков бөгетінде сызат пайда болып, Талдысай мен Жүргенов ауылдарынан 149 адам эвакуацияланған. Сағат 21:40-та бөгет жарылып, Жүргенов ауылы шетіндегі Ырғыз өзеніне су ағылған.

Құрметті жерлестер, Жүргенов және Талдысай ауылдарының тұрғындары. Өткен жылы қалпына келтірілген Щербаков бөгеті көп мөлшерде су тасуына байланысты жарылды. Сондықтан біз қазір шұғыл эвакуация жүргізіп жатырмыз, — деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.

251 адам эвакуацияланған. 320 ірі қара, 340 ұсақ мал, 606 құс басқа жаққа көшірілген.