Басты бетЖаңалықтарБүгін оңтүстік...

Бүгін оңтүстік аймақта найзағай ойнап, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 2 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін болады.

Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. ҚР бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста — көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста — жел күшейюі мүмкін, — делінген хабарламада.