ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сағат 11.14-те жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2.
- MPV магнитудасы – 5.3. Эпицентрдің координаттары – 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б.
- Тереңдігі – 25 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке к. 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониториң жүргізіліп жатыр.