Су тасқыны басталғаннан бері 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Су тасқыны басталғаннан бері төтенше жағдайлар министрлігі және әкімдіктердің күшімен 4,2 миллион шаршы метрден астам еріген қар суы сорылды, 263 мыңнан астам қапшық және 403 мың тонна инертті материал төселді.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау, Абай облыстарында 12 701 адам, оның ішінде 4 728 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 6 461 адам, оның ішінде 2 570 бала бар, — делінген хабарламада.

Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 961 адам, оның ішінде 261 бала эвакуацияланды.

«Жедел желі» телефондарына 592 қоңырау келіп түсті, 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасқан өңірлерде бұл Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін еліміздің басқа өңірлерінен ТЖМ күштері мен құралдарының топтары тартылды. 299 жеке тұрғын үй мен 673 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 267 жеке тұрғын үй мен 486 аула аумағы су астында қалып отыр. Су шайған 39 автожол, оның ішінде 1 көпір және 38 жол төсемі бақылауда. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажет азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 53 елдімекен көлік қатынасынсыз қалды, — делінген ақпаратта.

Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониториң жүргізіліп жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ҚМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 6 930 адам, 1 895 техника, 772 су айдау құралы және 68 жүзу құралы, сегіз әуе кемесі жұмылдырылды.