Алматы қаласының Түрксіб ауданында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бір қабатында өрт шықты.
ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шақырту орнына жеткен соң өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен бес адамды эвакуациялады. Үш тізелі баспалдақтың көмегімен екінші қабаттан үш азамат құтқарылды. МӨСБ-4 бөлімшесінің командирі Фархат Ушуров жанып, отқа оранған пәтерден бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматты құтқарды.
Аумағы 25 шаршы метр болған өрт сағат 08.47-де сөндірілді.