Қарулы күштердің тікұшағы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қоғалы ауылынан 68 адамды көшірді.
Қобда ауданы Қоғалы ауылында зардап шеккендерді эвакуациялау аяқталды.
Әуе қорғанысы күштері әскери институты ұшқыштарының экипажы ауылдың 68 тұрғынын Қобда ауданының орталығына көшірді.
Қобда мектебіне 29 ересек адам мен 37 бала орналастырылды, оның екеуі — нәресте.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша Қобда, Ойыл, Әйтеке би, Мұғалжар, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланған еді.
Үйінен көшірілген адамдар қазір мектептерді паналап отыр. Ол мектептер ертеңнен бастап сабақты онлайн өтеді.