Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.