Басты бетСауль "Канело"...

Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкиннің салмақ дәрежесіне ауысты

«Тыңдаңыз, мен бұрын орта салмақтағы әлем чемпионы болғанмын. Қазір тек қана Чавеске қарсы жекпе-жек жайлы ойлап жүрмін. Ал содан кейін мен орта салмақта қаламын» ,- деп айтты Альварес.

Естеріңізге салайық, мексикалық боксшы 2015 жылдың қараша айында пуэрторикалық боксшы Мигель Коттоны жеңіп, WBC тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы атанған еді. Бір жылдан соң «Канело» сол WBC белбеуін қорғау үшін Головкинмен жұдырықтасуы керек болған. Алайда Альварес бірінші орта салмаққа секіріп, чемпиондық белбеуін отандасымызға жекпе-жексіз берген.

Айта кететін жайт, «Канело» мен Головкиннің айқасы осы жылдың қыркүйек айында өтуі ықтимал. Қазіргі таңда боксшылардың өкілдері келіссөздер жүргізуде.

ДереккөзBaq.kz