Астана қаласы
Фото: Google
Елімізде Google Street View қызметі іске қосылды. Бұл жоба Қазақстандағы қала көшелерін онлайн режимде көруге мүмкіндік береді. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін жоба көліктері 42 шақырым жол жүріп, қалаларды түсіріп шыққан. Олардың қатарында Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Алматы, Қонаев және тағы басқасы бар.

Қазақстан қалаларын суретке түсіру үшін пикап көліктеріне орнатылған арнайы әзірленген трекерлерді қолданылды. Бұл көлікке жолдың кез келген түрімен жеңіл жүруге мүмкіндік берген. Street View көліктері 42 000 километрден астам жол жүрді (экватордың ұзындығынан да ұзағырақ!). Қалаларды, Қазақстанның таңғажайып пейзаждарын аралап өтті.

Қысқа аялдама кезіндегі Street View көліктерінің бірі. Фото: Google

Біздің Street View көліктеріміз сауда және мәдениет өзегі болған Ұлы Жібек жолы саудагерлерінің жолымен жүрді. Қазір кезінде сауда жолында шешуші рөл атқарған Сарыағаш, Шымкент және Тараз сияқты қалалардың айналасындағы маршруттардың кескіні жаңарған. Бұл ақпарат кәсіпорындар мен көлік қызметтерін жеткізушілер үшін пайдалы болары сөзсіз. Осылай, Қазақстанның цифрлық трансформациясы мен экономикалық дамуына ықпал етеміз, — делінген Google-дің ресми блогында.

Шымкентте Street View көлігі түсірген жолдарды көрсететін карта. Фото: Google

Сөйтіп, қалалар мен таңғажайып табиғатты аралау енді Street View арқасында жеңілдейді. Үйден шықпай-ақ Алматының тіршілік қайнаған көшелерімен виртуал серуендеуге немесе Ақтөбе орталық мешіті сияқты қаланың сәулет өнерін тамашалауға мүмкіндік бар.

Ақтөбе орталық мешітінің суреті біздің Street View көлігімен түсірілген. Фото: Google

Street View арқылы заманауи қаланың тыныс-тіршілігімен танысуға болады: Астананың «Бәйтерек» монументі мен шолу мұнарасы, ашық шатыр түріндегі «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы және «Нұр Әлем» футуристік мұражайы сияқты сәулет ғажайыптарының айналасын іс жүзінде зерттеуге мүмкіндік туады. Теміртауда Street View «Теміртау мәдениет сарайы» деп те аталатын Металлургтер мәдениет сарайы мысалында елдің индустриялық мұрасымен танысуды ұсынады.

Бұл қызметті қолдану үшін компьютерден Google Maps қолданбасындағы сары Street View белгішесін басу керек. Болмаса, мобильді құрылғыдан көрсетілген жердің 360 градустық фотосуретін таңдау арқылы Қазақстанның кейінгі суреттерін көруге болады.