Ақтөбе облысындағы жағдайға байланысты халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент жолында қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Компанияның мәліметінше, аталған жолдың 394-526 шақырымында (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) бүгін сағат 10.20-дан бастап жеңіл көліктерге шектеу қойылды.
Шектелу себебі – Ақтөбе облысында Қобда кентін су басқан. Жүк көліктеріне шектеу қойылған жоқ.