Синоптиктердің мәліметінше 28-30 наурыз күндері Алматыда жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Осыған байланысты Алматы әкімдігі дайындық жұмыстарын мәлімдеді.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қаланың коммуналдық қызметтері арық желілері, арық өткелдері мен қоқыс төгілген жерлерге тазалық жұмыстарын жүргізді.
27 наурыздағы жағдай бойынша 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды. Барлық арық желісі тазартылды. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2 мың қап құм дайындалды. Аудандық әкімдіктерде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.