Басты бет / Жаңалықтар /
Қауіпсіздік кеңесі
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады.

Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды, — делінген хабарламада.

Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook