Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды.

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза болуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.