World Population Review сайтында бақыт деңгейі бойынша әлем елдерінің жаңа рейтиңі жарияланды.
2024 жылы Қазақстан 49-орынға ие болды. Қазақстан 2023 жылмен салыстырғанда бес позицияға төмендеген.
Рейтиңді құрастырушылар мемлекеттердегі «Бақыт деңгейін» алты негізгі шарт бойынша бағалайды. Ол – жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, әлеуметтік қолдау сапасы, өмір сүру ұзақтығы, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі, өз ойын білдіру еркіндігі және халықтың жомарттық пен мейірімділік танытуға дайындығы.
Ең бақытты елдер санатында Солтүстік Еуропа елдері тұр. Жетінші жыл қатарынан бірінші орынға Финляндия жайғасты. Көшбасшылар үштігінде Дания мен Исландия бар.