Басты бетЖаңалықтарТоқаев сейсмология...

Тоқаев сейсмология орталығының басшысымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевпен сақтық шараларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сейсмикалық қауіпсіздік елдің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі факторы екенін айтып, жер сілкінісін алдын ала ескертетін озық жүйе енгізу және сейсмологтардың біліктілігін арттыру мәселесіне назар аударды.

Президент ғылыми зерттеулерді дамыту және инновациялық технологияларды енгізуді де тапсырды.