Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстанның мемлекеттік қарызын жариялады.
Жыл басында мемлекеттік қарыздың сомасы 27 триллион теңгеден асты.
2024 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңге болған, — деді Мәди Тәкиев үкіметте өткен брифиңде.
Министрдің айтуынша, жалпы ішкі өнімге шаққанда қарыздың сомасы 22,8%-ке жеткен. Ал шекті деңгей – 33%. Бұл – қарыздың қауіпсіз межесі. Мемлекеттік қарыз ондай деңгейге жеткен жоқ.