Qazaq Stroy компаниясы тұрғын үй кешені маңындағы карьер туралы: Біздің оған қатысымыз жоқ

Qazaq Stroy құрылыс компаниясы Алматыдағы Наурызбай ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің жанындағы карьер туралы мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Алматы қаласының экология департаменті құрылыс компаниясын заңсыз карьер салды деп айыптаған болатын.

БАҚ-тағы көптеген материалға, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, қоғам белсенділерінің осы карьер бойынша сөйлеген сөздеріне байланысты біз түсініктеме беруді жөн көрдік. Qazaq Stroy компаниясының Наурызбай ауданындағы карьерге ешқандай қатысы жоқ. 2023 жылғы 29 тамызда Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен компания кінәсіз деп танылды, ал экология департаменті қызметкерлерінің әрекеттерін сот заңсыз деп таныды, — деді Qazaq Stroy компаниясының бас заңгері Ердәулет Күлшіков.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaq Stroy (@qazaqstroy_official)

Сот және сотқа дейінгі тергеу органдары дәлелдеген фактілер бойынша, карьер тұрғын үй кешенінің құрылысы басталғанға дейін болған.

Карьерге қарасақ, бұл бір жылдың ішінде салынғанға ұқсамайды. Жоспар бойынша бұл жерде біздің тоғыз қабатты тағы да екі кешеніміз салынуы керек еді. Осы карьерге байланысты бас тартуға тура келді, — деп қосты заңгер.

Карьер Қайрат Әбіжановқа тиесілі жерде орналасқан. Компания қызметкерінің айтуынша, бұл фактіге қарамастан, тексеріс кезінде жер учаскесінің нақты иесімен сауалнама жүргізілмеген.

Қазіргі уақытта сот талқылауы Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына берілді.