Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда жаңа...

Қазақстанда жаңа қалалар пайда болуы мүмкін

Қазақстандағы ірі ауылдар қала болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында айтылды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдық аумақтарды дамыту туралы баяндама жасады.

Адамдар ірі елдімекендерге көшіп жатыр. Халық тығыз орналасқан ауылдардың статусын қайта қарау керек. Қазір мұндай ауылдар қанша? Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?, — деп сұрады премьер-министр Олжас Бектенов спикерден.

Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, бүгінде елімізде 10 мыңнан аса тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елдімекенде 30 мыңнан аса адам тұрады.

Заңнамада олардың мәртебесін өзгерту тетіктері қарастырылған. Мәселен, үш жыл ішінде халық саны 10 мыңнан асатын болса, онда облыстық мәслихат бұл ауылдардың мәртебесін өзгертуге, яғни оларға қала мәртебесін беруге құқылы. Заң 2021 жылы күшіне енді. Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері мәслихаттардың өтініштерін қарап жатыр. Бірақ әлі нақты шешім қабылданған жоқ, жұмыс жүргізіліп жатыр, — деді министр.