Грузия президенті Қазақстанға келеді

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстандағы Грузияның төтенше және өкілетті елшісі Зураб Абашидзе мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Грузия президенті Георгий Маргелашвилидің 29-30 мамырда Астанаға ресми сапармен келу мәселесі қаралып жатыр. Бұл жағдай қос ел арасындағы саяси, сауда-саттық, инвестициялық, мәдени қарым-қатынастың дамуына қосымша серпін береді», — деді ол.

Айта кетейік, осы айда Қазақстанға Түрікменстан президенті Гурбаноғлы Бердімұxамедов те келген болатын.

ДереккөзBaq.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз