Қазақстандық бітімгер әскерилер Сирияға аттанды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.
Бітімгерлер 18 наурызда Сириядағы миссияны орындауға кіріседі. Олар келісілген жауапкершілік аймақтарын күзетеді, жол тосқауылдарын ұйымдастырады, бітімгершілік базасын күзетеді және бейбітшілік келісімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Біздің әскери қызметшілер Сирия астанасы — Дамаскіге ұшып келіп, ол жерден автокөліктермен Фауар бітімгершілік базасына жетті.
Еске салайық, Қазақстанның бірінші бітімгершілік континентінің құрамында 139 әскери қызметші бар, оның жетеуі мерген әйелдер, дәрігерлер мен аспаздар.