Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Қарағанды облысында қардың жауып, жол көрінбеуіне, көктайғаққа байланысты жалпы ұзындығы 165 шақырымдық автожол жабылды.
»Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралық қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабық.
Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырым болатын автожол жабылды.
«Қызылорда-Павлодар» автожолының Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралық қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабық.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 246 техника және 445 адам жұмыс істеп жатыр.