«Қазақмыс» компаниясы заң қызметі департаментінің бөлім бастығы ұсталды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
13 наурызда Қарағанды облысының ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қауіпсіздік дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС заң қызметі департаменті орталық өңірі заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Жұмабаевты ұстады, — делінген хабарламада.
Күдіктіге Қазақстан қылмыстық кодексінің «Бопсалау» бабы бойынша айып тағылды. Қазіргі уақытта Азат Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.