Алматыдан 255 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 15 наурыз күні сағат 07.47-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,7. MPV магнитудасы — 4.7. Жер сілкінісінің координаттары 41,17° с. б. 78,34° ш. б. Тереңдігі — 5 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) Қазақстан аумағында жоқ.