«Қазгидромет» РМК ел аумағында 15 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, соның әсерінен қар түріндегі жауын-шышын, Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын болады.
Тек ҚР батысында, оңтүстік-батысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, батысында шаңды дауыл соғады, — делінген хабарламада.