Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда көліктерді...

Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі жаңартылады

Қазақстандағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру шаралары басталды.

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Бүгінде жүк көліктері мен автобустарды заңсыз есепке қою фактілері жиілеп кетті. Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылғы тамыз айынан бері 23 қылмыстық іс тіркелді. Осы істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген. Ал мемлекетке келген залалдың көлемі 14 миллиард теңгеден асты.

Осыған байланысты қаржылық мониторинг агенттігі, цифрлық даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Бүгінгі таңда алаяқтар төрт негізгі схема қолданып жатады.

Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакиннің айтуынша, қазіргі кезде ақпараттық жүйелердің интеграциясы толығымен жасалды. Соның арқасында VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректер автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік бар.

Бірақ ХҚКО мамандары барлық деректі өздері енгізеді. Ал жүйені жаңартудың нәтижесінде автокөлік туралы деректерді қолмен қажеті болмай қалады.