Түркістан облысының тұрғындары нан мен жарма өнімдерін ең көп тұтынады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындарының көлемі қатты өзгермеген, ондағы шығынның ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17.4%), нан мен жарма өнімдеріне (8%), сонымен қатар сүт өнімдеріне (5,4%) тиесілі.
Өңірлер арасында азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемін салыстыратын болсақ, нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары ең көп тұтынған – 44,1 кг (тоқсанына жан басына шаққанда), ет және ет өнімдері бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр – 25,8 кг, балық өнімдерін ШҚО, БҚО және СҚО тұрғындарының дастарханынан жиі табуға болады – бір адамға шаққанда тоқсанына 5,2 кг, — делінген хабарламада.
Түркістан облысы көкөністі (23,8 кг), алматылықтар жемісті (22,1 кг), ал Ұлытау облысы тәттілерді (14,4 кг) көп тұтынған.