Басты бетЖаңалықтарСемейде еріген...

Семейде еріген қар суы аулаларды басты

Семейде аулалардан еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Төтенше жағдайлар күштері тұрғын үйлердің аумақтарында, атап айтқанда Қажымұқан, Репин, Красин және Городская көшелерінде қардың қарқынды еруі нәтижесінде пайда болған судан тазартып жартыр.

Қазіргі уақытта аталған көшелерде еріген қар суын айдау жұмыстары аяқталды. Барлығы 1 200 текше метр астам су сорылды. Жергілікті әкімдік мен ТЖД қызметкерлері жағдайға тұрақты мониториң жүргізеді. Елдімекендерге қауіп жоқ, — делінген хабарламада.