ТЖМ жер сілкінісінен кейін зақым келген ғимараттарды іздеп жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы әкімдігімен бірлесіп қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов мәлімдеді.

Оның айтуынша, республикалық және өңірлік жедел штабтар ашылып, азаматтарды қабылдайтын 384 пункт ұйымдастырылды. Тәулік бойы «Жедел желі» жұмыс істеп жатыр.

Кеше қабылдау пункттерінде 3 мыңға жуық адам орналасты, оның ішінде 906 бала. Әкімдікпен қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жалғасуда (қираған туралы 156 өтініш түсті), — деді Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында.

Сонымен қатар министрліктің әуе кемесімен сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізілді. Алгоритмге сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ететін объекті штаттық режимде жұмыс істеп тұр, — деді ТЖ министрі.

Шыңғыс Әрінов жер сілкінісін кез келген төтенше жағдай сияқты алдын-ала болжау мүмкін емес екенін айтып өтті. Осыған байланысты министрлік олардың алдын алу және халықты бірінші кезектегі әрекеттерге дайындау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

20 ақпаннан бастап Алматыда азаматтарды төтенше жағдайларға даярлау үшін министрлік бастықтары қатарынан жедел топ жұмыс істейді. Осы қысқа мерзім ішінде, жер сілкінісі кезіндегі азаматтардың іс-қимылдары туралы ауқымды ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ол өз нәтижесін көрсетті. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге ұшыраған жоқ, — дейді ол.

Сонымен қатар кеше, ТЖ министрінің бұйрығымен, халықты оқыту және жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттерді пысықтау үшін қосымша Алматыға Ұзынағаштан әскери қызметкерлер жіберілген.

Қазіргі уақытта ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты. Министрлікпен профилактикалық жұмыстар жалғасады, — деді Шыңғыс Әрінов.