Басты бетҚоғамДәрігерлерге арналған...

Дәрігерлерге арналған шеберлік сағаты аясында 16 балаға операция жасалды

Күрделі патологиялық ауруға шалдыққан 16 балаға Санкт-Петербург пен Алматының жетекші травматолог-ортопедтері операция жасады. Бұл медициналық шара өңірдегі және жергілікті дәрігерлерге арналған халықаралық шеберлік дәрісі аясында ұйымдастырылды.

Шеберлік сағаты аясында операция жасату мүмкіндігіне ие болғандардың бірі — Талдықорғаннан келген бір жасар сәби. Оның операциясы Алматыдағы №2 қалалық балалар емханасында өтті.

Алты ай бұрын баланың қолы күйіп қалған. Бесінші саусағы сынып, десмоген құрылым (буын қозғалысын шектеу) дамыған. Оған тыртықты кесу және қалың жарылған аймақты трансплантациялау бойынша зергерлік жұмыс деп аталатын ең күрделі операция жасалды.

№2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалиннің айтуынша, буынның зақымдану аймағы өте үлкен болғаны операцияны күрделендіре түскен. Мұндайда операция жасалмаса, болашақта баланың қолы қуатынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар шеберлік сағаты аясында аяқ-қолы алып болып туған балаларға ота жасалды. Солардың бірі – сіңірі көп уақыт бұрын зақымдалған бала. Ол тоғыз жыл бұрын жараққантанған. Ол кезде үш жаста еді. Дәрігерлер оның қолының иілу сіңірлері мен көлденең байламдарын қалпына келтіру үшін күрделі операция жасады. Мамандардың айтуынша, қолдың қозғалғыштығы толығымен қалпына келді. Бір айдан кейін бала қолын толық басқара алады.

Айта кетейік, операцияның бұл түрін әлемде тек жалғыз дәрігер — Игорь Шведовченко жасайды.

Шеберлік сағаттары “BI-Жұлдызай” корпоративтік қорының қолдауымен өтті. Операциялар тегін жасалды.