Басты бетЖаңалықтарЕлімізде алдағы...

Елімізде алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» синоптиктері 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты таяудағы екі тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады. 12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сонымен қатар Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деген болжам бар.

Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.