Алматыда екі жолаушылар автобусы соғылып, салдарынан алты адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Полицияның мәліметінше, жол апаты 10 наурыз күні сағат 09.00 шамасында Алатау ауданында болды.
Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, №75-автобус жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған қоғамдық көлікті соққан. Сол сәтте автобустан жолаушылар түсіп жатқан, — делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті. Аталған факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.