Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, даңқты балуан жас спортшыларға күрестің айла-тәсілдерін үйретеді.
Естеріңізге сала кетсек, мұндай шеберлік сабақтары әр 10 күн сайын атақты спортшылармен өтетін болады. Осындай мүмкіндікті пайдаланып жеткіншектер еліміздің белді балуандарымен, оның ішінде Олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия және Еуропа біріншіліктерінің және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздарымен шеберліктерін шыңдайды. Мұндай жүздесулер жас спортшылардың жігерін көтеріп, биік жетістіктерге жетуіне себеп болары анық.