ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде салық рақымшылығын жасау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.
Салықты есептен шығару және салық төлемеу дұрыс емес шығар, өйткені бәріміз қолайлы жағдайда өмір сүргіміз келеді. Біздің бюджет барлық әлеуметтік мәселені жабуға бағытталған. Демек, бір күнде салықты алып тастау немесе есептен шығару мүмкін емес. Себебі бұл — біздің бюджетіміздің негізі, іргетасы. Сондықтан салықты есептен шығаруға болмайды, — деді Ержан Біржанов сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Вице-министр жаңа салық кодексінде кәсіпкерлік пен инвестицияның өсуін ынталандыратын шаралар қарастырылатынын айтты.