Басты бетЖаңалықтарБас прокурор...

Бас прокурор ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

Кездесуде Жақып Асанов ұйым басшысына жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы өңірлік хаб құрылатынын жеткізді.

Хаб Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау академиясы жанынан құрылады. Онда Орталық Азия мен ТМД елдерінің мамандары қазақстандық әріптестерімен терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі тасымалы, адам саудасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп күресу жолдарын игеріп, білімдерін жетілдіреді.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы аймақтық хаб жобасын қолдап,  ұйым тарапынан қолдан келген көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

ДереккөзKaztrk.kz