«Астана Моторстың» еншілес компаниясы Chery Kazakhstan 2024 жылдағы жаңа өнімін – жеті адамға арналған TIGGO 8 PRO MAX FL кроссоверінің беткейленген нұсқасын ұсынды. Модельдің тест-драйвы Sokol жарыс жолында өтті. Онда автоблогерлер мен журналистер жаңартылған Chery флагманының мүмкіндіктері мен артықшылықтарын сынап көрді. Бұл — Қазақстанда «қазақша сөйлеген» ең алғашқы кроссовер.
Көпшілік бұл нұсқаның интерфейсінің қазақ тілінде болғанын бірауыздан «ең елеулі жаңалық» деп таныды. CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL автокөлігіндегі дыбыс көмекшісі, мультимедиасы мен аспаптар тақтасы көлік иесімен «қазақша сөйлесе алатын» Қазақстандағы алғашқы автокөлік болды.
Қытайлық әріптестермен алты айдан астам уақыт тығыз жұмыс істедік. Сөйтіп нәтижеге қол жеткізіп, екі тілде сөйлейтін микробағдарламаны ұсына алғанымызға қуаныштымыз. CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL қазақ тілінде «сөйлейді». Жыл соңына дейін біз барлық Chery иесі үшін қазақ тілінде микробағдарлама дайындаймыз, — деді Chery компаниясының қазақстандық дистрибьюторының директоры Нұрлан Шамғонов.
Қысқасы, 2023 жылы жүзеге асырылған «сегіздік» фейслифтиңі тек тіл бағдарламасы мен дизайнға емес, техника сипатына да әсер етеді. Көптеген жаңа мүмкіндікке ие автокөлікте жүргізуші де, жолаушылар да өзін жайлы сезінеді.
CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL кроссоверінің алдыңғы модельдерінен негізгі айырмашылығы мынадай:
• массаж функциясы және алдыңғы жолаушыға арналған аяқтірегіш;
• айналаны 540 градуста көруге мүмкіндік беретін камера;
• үшінші қатардағы орындықтардағы ауа ағынын реттегіш;
• желіден тыс навигатор;
• екінші қатардағы атмосфералық жарық;
• HUD (басты дисплей);
• 10 Sony динамигі + сабвуфер;
• 9 қауіпсіздік жастығы;
• қосылған бейнебақылау;
• 2 USB жалғағыш, 2 Type-C жалғағышқа арналған орын (алдыңғы және артқы);
• мультимедиа мен аспаптар тақтасы қосылған, 24,6 дюйм болатын, иіліп тұратын экран;
• жаңартылған артқы оптика;
• руль дөңгелегі мен берілу қорабы селекторының дизайны;
Chery – «Астана Моторс» компаниясының дистрибьютор портфеліндегі нөмір бірінші қытайлық бренд және сатылым статистикасы бойынша, Қазақстандағы ең танымал «қытайлық модель». CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL — сәнді дизайн мен жетекші технологияны үйлестіре білген Chery-дің флагман моделі. Ол ыңғайлы әрі қауіпсіз.
Sokol-да өткен тест-драйв CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL қала ішіндегі сапарлары үшін де, алыс қашықтықтағы саяхат үшін де тамаша екенін көрсетті. Қозғалтқышы қуатты, суспензиясы ыңғайлы, салоны кең әрі функциясының мүмкіндігі көп. Бұл көлік — сапа, инновация және ұқыптыдүниені ұнататындар үшін жақсы таңдау.
Chery дилерлерінде CHERY TIGGO 8 PRO MAX FL бағасы 13 500 000 теңгеден басталады.