«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 7, 8 және 9 наурызда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі деп күтілуде, — делінген хабарламада.
Бұл күндері күндізгі термометр келесі белгіге жетеді:
- республиканың батыс облыстарында 0+8°С, солтүстікте -4+1°С, оңтүстігінде +10+20°С.

