«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері таңғы патрульдеу аясында автожолдар мен жол бойындағы жасанды құрылыстардың жағдайын тексерді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Облыс аумағындағы республикалық күре жолдардың жиектері мен су өткізу құбырлары қардан тазартылып жатыр.
Қазіргі таңда 607 құбырдың 259 данасы көктем мезгіліне дайын. Сонымен қатар жарықшамдарды ауыстыру, жол белгілерін жаңарту шаралары да тұрақты тәртіпте жалғасып жатыр.
Солтүстік Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жұмысқа 85 техника мен 164 маман жұмылдырылған.