Алматыда қоғамдық көлікті дамыту бойынша жұмыс аясында бағыттарда жылжымалы құрамды жаңарту жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
6 наурыздан бастап №12 бағытта Теміржол вокзалы-2 – «Медеу» БТК қатынайтын автобустар толығымен жаңарды. Бағыттарда жоспарлы шығу жұмыс күндері 16 және демалыс күндері 20 жылжымалы бірлікті құрайды. Yutong маркалы газбен жүретін 12 метрлік жаңа автобустар заманауи жабдықтармен, соның ішінде кондиционерлеу, бейнебақылау жүйелерімен және телефондарды зарядтауға арналған USB коннекторларымен жабдықталған. Сонымен қатар салон ағымдағы және келесі аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплеймен толықтырылған, — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ретте босатылған автобустар басқа бағыттарды күшейтуге бағытталатын болады.