Астанада 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай 34 мыңға жуық көпбалалы ана біржолғы әлеуметтік төлем алады.
Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жергілікті бюджеттен Астананың көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар — 34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Төлем Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға жүргізіледі.