Алматыда автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылып, салдарынан төрт жолаушы зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
ПД мәліметінше, жол апаты 5 наурыз күні сағат 06.45-те болған.
Жеке тасымалдаушыға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі 1966 жылы туған азамат Д., Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып Шолохов көшесіне бұрылар тұста, рульді басқара алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылды. Салдарынан төрт жолаушы жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді, — делінген хабарламада.
Жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.