Алматыда «Береке» базарының аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі бутик өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 06.15-те оқшауланып, 06.18 кезінде сөндірілген.
Жалын аумағы — 50 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды.