Танымал публицист, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Қаралы хабар әлеуметтік желіде пайда болды. Қоғам қайраткерінің жақындары мен туыстарына көзі қарақы көпшілік қауым көңіл білдіріп жатыр.
«…Менің саясаттағы ұстазым — Сейдахмет Құттықадам ағам мәңгілік мекеніне кетіпті… Иманы саламат болсын», — деп жазды Ғабиден Жакей Facebook-тегі парақшасында.
Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол еңбек жолын дипломатиялық қызметтен бастаған. Кейін республикалық басылым – «Арай» журналының, «Время-Дәуір» және «Эпоха» газеттерінің бас редакторы қызметін атқарды.
Қазақстанның ардагер журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Вызов времени», «Миражи и реалии», «Служение нации», «Казахская драма» атты төрт кітаптың авторы. Сонымен қатар ол республикалық, одақтық басылымдардағы, «Аргумент и факты», «Вокруг света» сияқты газеттердегі 500 авторлық мақалалардың авторы.