Президент мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ерлан Қошанов мәжілістің қазіргі заң шығару қызметі туралы баяндады.
Оның айтуынша, жоспарланған өзгерістерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының жүктеген барлық міндеті тиісті деңгейде және уақытылы орындалып жатыр. Кейінгі екі айда ғана мәжіліс 18 заң қабылдап, сенаттың қарауына жіберген.
Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, цифрландыру, ғылым, бизнес жүргізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қон мәселелері секілді құқықтық нормаларға түзетулер енгізілген.
Қазіргі уақытта президенттің тапсырмасын орындау үшін депутаттар бюджет, су, құрылыс кодекстері, сонымен қатар бірқатар маңызды заң жобалары бойынша бір мезетте жұмыс жүргізіліп жатыр.
Енгізілген әрбір жаңа өзгерісті сарапшылар мен жұртшылық кең көлемде талқылайды, палатаның барлық іс-шарасына бұқаралық ақпарат құралдары мен мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кедергісіз қатыса алады.
Ерлан Қошанов сонымен қатар Amanat партиясының жұмысы туралы мәлімет берді.
Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған президенттің бастамаларын іске асыру шеңберінде әзірленген партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларына ерекше назар аударылды.
Барлық жоба халықтың нақты мәселелерін шешуді көздейді және оларды қоғам қызу қолдап отыр.
«Жер аманаты» жобасы аясында екі жыл ішінде 10 миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылған.
Қаңтар-ақпан айларында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 15 мың адам қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өткен. Жыл соңына дейін тағы да 750 мың азаматты оқыту жоспарланып отыр.
Депутаттардың парламенттік дипломатия бағытындағы қызметі туралы ақпарат берді.