Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 1 наурыз күні сағат 08.18-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 8,8. MPV магнитудасы — 3.8. Жер сілкінісінің координаттары 44,51° с.б. 79,89° ш.б. Тереңдігі — 15 км. Сезілгіштігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында — жоқ, — делінген хабарламада.