Қазақстандағы танымал туристік орындардың тізімі жарияланды

Туризм және спорт министрлігі танымал туристік аймақтардың тізімін жариялады. 

Бұған дейін тізімге 10 аймақ кірген. Қазіргі кезде танымал туристік орындардың саны 20-ға дейін кеңейтілді. Олар:

  • Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы);
  • Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе облысы);
  • Туристік кешен (Қостанай облысы);
  • Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорттық аймағы (Ақмола обысы);
  • Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (Солтүстік Қазақстан облысы);
  • Баянауыл (Павлодар облысы);
  • Қатон-Қарағай курорттық аймағы (Шығыс Қазақстан облысы);
  • Алакөл курорттық аймағы (Абай мен Жетісу облыстары);
  • Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қаласы, Алматы облысы);
  • «Көксай resort» (Жамбыл облысы);
  • Балқаш (Қарағанды облысы);
  • Түркістан (Түркістан облысы);
  • Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда облысы);
  • Ұлытау ауылы (Ұлытау облысы);
  • Жылы жағажай (Маңғыстау облысы);
  • Сарайшық қалашығы (Атырау облысы);
  • Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қаласы);
  • Туристік аудан (Астана қаласы).

Министрлік ішкі туризмнің өскенін ескере отырып, атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.